Регистрация Вход
Другое 8-9 класс Dinara

напишите пожалуйста краткое содержание книги Талапа Сұлтанбекова Ғажайып планета

Ответы:

Онда Байқоңыр-12 кемесі апельсиндік планетаға қонды. Кеме ғаламшарға бірнеше күн ұшты. Барлық экипаж мүшелері түсінде болды. Кеме ұшып бара жатқанда, бір нәрсе бұзылды. Жанармай бөлігінде апат болды. Экипаж мүшелері планеталардың біріне қонуға шешім қабылдады. Олар қонған кезде әртүрлі үлгілерді алды. Біраз уақыттан кейін қауіп пайда болып, олар сарғыш планетадан кетті. Олар жер бетіне қайта оралды.

Оқыңыз. Көп емес

«Байқоңыр-12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразов креслода шалқалап жатқан биологқа осылайша шүйілді.

Туранов көзін тарс жұмып сулық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны. Кеме экипажының бұл планетаның үстіне шығу-шықпау жөніндегі айтыс-таласы, пікір алысуы бір тәуліктен бері толассыз.

Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп жабырқатқандай. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым?

Бұл жерде экипаждың барлық мүшесі бірдей жабырқаулы деуіміз артықтау да болар. Өйткені, кемеде бесінші мүше де бар болатын. Ол кеудесін шамасынша көріп көңілді тұр. Екі көзі жасыл от шашып жарқ-жұрқ етеді. Бұл жасанды адам физиомеханикалық «Кибер» еді.

Кибер маймаңдап басып тақап келді.

— Қастерлім,— деді ол биологтың иығына қолын салып. (Оның әрқашан осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен болмағанда бағанағы космос айдаһарының аузына түсіп, тәтті тағамға айналған болар едіңіздер. Мен білмейтін өнер сіздерде мол. Бірақ осы бір қызықты жұмбаққа миларыңыз қалайша жетпей тұр? Оның үні электронды музыкадағыдай әсем де нәзік естілді. Бұл кибер түп табиғатында әзілқой боп жаратылған-ды. Оның кез келген нәрсені әзілге айналдыратынын космонавтар жақсы біледі. Сол себепті ешкім тіс жармады. Барлығының көзі Турановта.

Толық мәтін...http://bilim-all.kz/article/8908

2
Отв. дан Pilot
Для написания вопросов и ответов необходимо зарегистрироваться на сайте